Page 63 - Алгебра 2 бөлім 10 сынып
P. 63
§ 13. Екi бұрыштың қосындысы
мен айырымының синусы және
косинусының формулалары
Тригонометриялық функциялардың бұ-
рыштарының қосындысы мен айырымы-
ның формулаларын қорытып шығару мен қол-
дануды үйренесіңдер.
Екi бұрыштың қосындысы мен айыры-
мының тригонометриялық функцияла-
рын сол бұрыштардың тригонометрия-
лық функциялары арқылы өрнектейтiн
формулаларды қосу формулалары
деп атайды.
Алдымен тригонометриялық функция-
лар арқылы екi бұрыштың айырымының
косинусының формуласын шығарайық.
Ол үшiн центрi тiкбұрышты координата-
лар жүйесiнiң басында орналасқан және
радиусы R OA болатын шеңбердi қарас-
тырайық (46-сурет).
62