Page 187 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 187

Сақтардың  сенімдері  туралы  танымына  мысал  ретінде

             сақ патшасының Есіктен шыққан бас киімін келтіруге болады.
             Әлем  олардың  көзқарасы  бойынша  үш  бөлікке  бөлінеді:
             жерасты әлемі – жер – аспан. Дөңгелек қалпақ алтын таулар
             мен ағаштар тізбегінің кескінін жиектейді. Тау бөктерін бей-
             нелейтін  ою-өрнектердің  жанына  аңдар  –  жолбарыстар,

             ешкілер орналастырылған. Тау басында құстар, қанатты жол-
             барыстар бар. Дүниежүзілік тау әлемнің, киелі орталықтың
             бастауларын бейнелеген. Бас киімнің алдыңғы бөлігінде бар-
             лық  ғарыштың  символы  –  күн  эмблемасы  жайғасқан.  Төрт
             қанатты ат пен төрт алтын жебе. Бұл барлық үш әлемнің үс-
             тіндегі билік пен күн жолындағы әлемнің төрт бөлігінің белгісі.
                 13  жылқының  қорымы  сақ  дәуіріндегі  Берел  қорғанда-

             рынан табылған. Салтанатты аттардың бастары мүйізі бар
             маскалармен безендірілген. Маскаларда тау ешкісінің мүйізі
             тәрізді  ағаштан  жасалған  мүсіндер  бар.  Ғалымдардың  пікі-
             рінше, қасиетті атрибут – мүйізбен бейнеленген тау ешкісінің
             бейнесін  таңдамалы  идеясымен  байланыстыруға  болады.

             Тау ешкісі – аспан шыңдарының тұрғыны, тек таңдаулыларға
             ғана қол жетімді кеңістіктің ерекше саласы. Ол көшбасшының
             атрибуты және космос символы ретінде түсіндірілді.






























           186
           186
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192