Page 186 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 186

ЕЖЕЛГІ ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕНІМДЕРІ


            Ежелгі түркілер аспанды Тәңірі түрінде, ал Ұмай ана – ұр-
        пақ  жалғастырушы,  береке-молшылық  тәңірі  деп  қабылда-
        ған.  Бұл  екі  бастау  –  бәрін  жасаушы  және  сонымен  бірге
        адамның  ата-бабасы.  Аңыздарға  сүйенсек,  адамзат  Тәңір
        мен Ұмайдың некелік одағынан пайда болды.
            Әлемдегі ежелгі адамдардың наным-сенімдері өте ұқсас.

        Сақтар  басқа  ежелгі  адамдар  сияқты,  табиғат  күштеріне
        күн, жел, найзағайдың жарқылдауына, күн күркіріне табын-
        ған және  оларды құдайлармен бейнелеген. Сақтардың се-
        німі  бойынша  аңдар  мен  құстарда  құдайлық  қағида  бар.
        Олар қанатты аттарға айналады. Сақтар тарихында жылқы
        күнмен  және  отпен  байланысты.  Есік  қорғанынан  шыққан
        Алтын адамның бас киіміндегі қанатты аттардың бейнелері

        бұған дәлел. Жыртқыш бүркіттердің бейнелері күн құдайын
        бейнелеген.



































                                   105-сурет. Отпен рәсім


                                                                                       185
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191