Page 181 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 181
Қораз айтады:
– Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап
қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар ай-
тамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп тағы шақыра-
мын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық
ойлап, жиылған көпке айтады:
– Бұл таласты қойып, күн шыққанын қарап тұрайық. Кім
бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен
бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бі-
раздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып
отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз», –
деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, ешнәрсе
демепті.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар
беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
101-сурет. Шығыс күнтізбесі
180
180