Page 179 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 179

– Айшылық жолды бір күнде алатын арғымақ – ғұндардың

             киесі, сондықтан, бұл атты беруге болмайды. Олардың мұны-
             сына Мөде былай деп жауап қайырады:
                 – Шынымен-ақ біз бір атқа бола соғыспақшымыз ба? Бұл
             сыйымыз одан да біздің көршілермен достығымыздың кепілі

             болсын. Сөйтіп Мөде жүйрік тұлпарды сыйға тартады.
                 Дунь Ху елінің ұлықтары Мөдеге тағы да жаушы жіберіп,
             өз  әміршілеріне  өзінің  ең  сұлу  да  сүйікті  әйелдерінің  бірін
             тарту  етуін  сұрады.  Бұл  ұлы  әміршінің  намысына  тиіп,  со-
             ғыстың себебі болуға тиісті еді. Мөде тағы да өзінің ең ақыл-

             гөй  деген  уәзірлерін  кеңеске  жинайды.  Өтінішке  өттері
             жарылардай ашуланған кеңесшілер айтты:
                 –  Бұл  көршілеріміз  әбден  астамсыды.  Енді  әйелімізді
             сұрап отыр. Біз олармен соғысуымыз керек!

                 Оларды тыңдап болған соң, Мөде былай деп ұйғарды:
                 – Арғымақ та, әйел де – ел тыныштығының кепілі болсын.
                 Сөйтіп әміршіге әйелін де аттандырды…
                 Енді мейманасы тасыған әмірші әскерін жиып, батысқа,
             дәл ғұндардың шекарасына жылжып келді.

                 Ғұн ордасы мен Дунь Ху елінің аралығында шөп те өс пей-
             тін, суы да жоқ бір пұшпақ жер жатқан болатын. Көп заман-
             дардан бері бұл жерде ешкім мекен етпеген, шекара дәл осы
             арадан өтеді. Әмірші Мөдеге қайтадан елші аттандырады:
                 – Біздің шекарамызда ешкімге қажетсіз жер жатыр. Ғұн-

             дар, бұл сендерге мүлдем керексіз. Бізге сол жерді беріңдер.
                 Мөде бұл жолы да кеңесшілерін жиып, олардан не істеймін
             деп  ақыл  сұрады.  Кейбіреулер  оның  сұрағына  былай  деп
             жауап қатты:
                 – Бұл бос жатқан жерді беруге де болады, бермеуге де

             болады. Одан бәрібір ешқандай пайда жоқ.
                 Осы арада Мөденің төзімі сарқылды:
                 –  Мен  әміршінің  екі  талабын  орындадым,  себебі,  ат  та,
             әйел  де  өзімдікі  болатын.  Ал,  жер  жақсы  болса  да,  жаман



           178
           178
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184