Page 180 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 180

болса да халықтікі! Біз оны басқаларға қалайша сыйға тарт-

        пақпыз?
            Ол  жерді  жатқа  беру  керек  дегендерді  дарға  асуға  бұ-
        йырып, өзі қол бастап, жауға қарсы жорыққа аттанады.
            Осы уақыттарда ғұндар мен Дунь Ху елі арасында соғыс
        басталады. Бұл соғыста Мөде жау әскерін тас-талқан етіп,
        оларды көп шығынға ұшыратты.
            Ақылды  Мөде  ұзақ  жылдар  бойы  мемлекетті  басқарды,
        көптеген дала тайпаларын өзінің қол астына біріктірді және
        адамдар әлі күнге дейін есінде сақтайтын мемлекет құрды.

                    Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі


            Ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.
        Сонда жылқы айтыпты:
            –  Мен  алысты  жақын  қыламын.  Күшімді  көреді,  сүтімді
        ішеді, қылымнан арқан, жіп  жасайды. Адамға менен пайдалы
        мал жоқ, жыл басы мен боламын, – дейді.
            Түйе айтады:
            –  Сен  адамның  жұмысын  қылсаң,  сұлы,  шөп  асайтын
        тамағың  үшін  құл  болдың,  міне,  мен  сен  көтере  алмайтын

        ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш
        болдым деп, арпа, су сұрамаймын.  Жыл басы болу маған
        лайық.
            Сиыр айтады:
            –  Адам  егін  ексе,  менімен  егеді,  сүтімді  ішеді,  құрт-май
        істейді, жыл басында мен болғаным жөн.
            Қой айтады:
            –  Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып,
        киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтім-
        нен құрт-май алады, шаруаға менен артық  пайдалыларың
        жоқ.
            Ит айтады:
            – Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр
        жеп  тастайтын  еді.  Мен  сендердің  баршаларыңның  бақта-

        шыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.


                                                                                       179
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185