Page 182 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 182

ҚОРҒАНДАР – ЕЖЕЛГІ ЕСКЕРТКІШТЕР ТУРАЛЫ

                               ҮНСІЗ ЖЕТКІЗУШІЛЕР


            Қазақстандағы  ежелгі  сәулет  ескерткіштері:  Бесшатыр,
        Есік, Берел, Аралтөбе қорғандары.
            Бесшатыр  архитектуралық  ансамблінің  алғашқы  зерт-
        теулерін 1957 жылы белгілі ғалым Кемал Ақышев бастаған

        Жетісу археологиялық экспедициясы жүргізді.
            Біздің  дәуірімізге  дейінгі  V  ғасырға  жататын  Бесшатыр
        қорымы сақ патшаларының жерленген жері. Сақтар  ағаштан,
        тастан, қамыстан, киізден күрделі құрылыстар салуды білген.

             Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен,
        қалғандары орташа және кіші обалар. Бесшатыр қорғандары
        бірнеше құпияны сақтайды. Осы уақытқа дейін үлкен қорған-
        дардың  астынан  жерасты  өтпелері  не  үшін  қазылғандығы

        белгісіз  болып  келеді,  ал  қорғандардың  айналасына  са-
        лынған алып тастар мен бағандардың мақсаты да белгісіз.
            1969 жылы Кемал Ақышев бастаған бір топ қазақстандық
        ғалымдар Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапты.

            Есік  обасы  б.з.б  IV  ғ.  сақ  дәуірінен  бері  сақталған  ес-
        керткіш.
            Қор диаметрі 30-дан 90-ға дейін және биіктігі 4-тен 15 метр-
        ге  дейінгі  45  ірі  патша  қорғандарынан  тұрады.Есік  қорғаны

        қорымның батыс жартысында орналасқан. Оның диаметрі –
        60  метр,  биіктігі  –  6  метр.  Археологтар  екі  қорым  тапты:
        орталық  және  бүйірлік.  Орталығы    бірнеше  рет  тоналған.
        Бүйірлік қабір толығымен сақталған. Жерлеу камерасы өң-

        делген шырша бөренелерінен тұрғызылған. Жерленген адам-
        ның  сүйегі  солтүстік  жартысынан  табылды.  Жерлеу  каме-
        расында 4 мыңнан астам алтын бұйымдар, темір қылыш пен
        қанжар, қола айна, саз, металл және ағаш ыдыстар табылды.

            Егемен Қазақстанның символына айналып отырған,  бүкіл
        әлемге «Алтын адам» деген атпен белгілі қорғаннан табыл-


                                                                                       181
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187