Page 177 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 177

сына таратты. Баянды білетіндер, естігендер қатты қайғыр-

             ды. Оның әр сөзін, әр қимылын естеріне алды.

                                       Шырақ туралы аңыз


                 Ежелгі грек тарихшысы Полиен қарапайым сақ шопаны-
             ның  жау  армиясын  қалай  жеңгенін,  Отанын  қорғап  қалу
             туралы жазған.
                 Парсы елінің патшасы Дарий І  700 мың нөкері бар қалың
             қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде
             мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен.
                 Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақ-
             тар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді.
             Сақ әміршілері Омарк, Саксфар, Томирис жауға қарсы талай

             күрес жүргізуді өзара талқылап жатыр еді.
                 – Атым – Шырақ! – деп жауап берді жылқышы жігіт. Ал енді
             менің бүкіл денемді, бетімді адам танымастай етіп, қанжар-
             мен  тілгілеп  тастаңдар.  Құлағымды  кесіңдер.  Аямаңдар,
             әйтпесе парсылар менің айтқан сөзіме сенбейді.
                 Алайда батыр Шырақтың денесін тілгілеп тастауға ешкім-
             нің  қолы  бармайды.  Сол  сәтте  Шырақ  беліндегі  қанжарын
             қынынан суырып алады да, өз денесін өзі қан-жоса етіп, аяу-
             сыз тілгілеп тастайды. Енді бір сәт Шырақ патшаға тағзым

             етеді  де,  көз  ілеспейтін  жылдамдықпен  есік  алдында  бай-
             лаулы тұрған сәйгүлікке қарғып мініп, жау келе жатқан жаққа
             қарай құйындата жөнеледі.
                 Ойбай-ай  мені  құтқарыңдар!  Қараңдаршы,  сақтар  мені
             қалай қорлағанын! Сақтарға кеткен қанды кегім бар! Парсы
             бауырларым!  Мен  сіздерді  сақтар  әскерінің  дәл  үстінен
             түсірем, сонда ғана менің жаным жай табады, – деді Шырақ.
                 Парсылар  Шырақтың  сөзіне  сенді.  Тіпті  жол  көрсететін
             адам  табылғанына  қуанып,  шуласып,  дүрлігіп  қалды.  Сол
             сәтте Шырақ жауға айтар сөзін ұштай түсті.
                 Құдықтардан су ішпеңдер! Сақтар улап кеткен. Олар жол

             бойындағы шөптерді де, егістіктерді де өртеп жіберген. Мен



           176
           176
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182