Page 172 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 172

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫР АҢЫЗДАРЫ


            Аңыз – бұл ежелгі уақытта болған оқиға туралы эпикалық

        әңгіме.  Аңыздар  көбінесе  музыкаға  бейімделген  ауызша
        әңгімелер болатын. Аңыздар ауыздан-ауызға, әдетте, аңыз-
        жыр айтушылар арқылы берілетін.

                                 Бурабай туралы аңыз


            Аңыз  бойынша  көгілдір  таулар  мен  кәусар  сулы  көлдер
        өлкесін сан түрлі аңдар мен құстар да мекендейді.
            Ертеде солардың ішінде жаратылысы ерекше бура болған
        екен. Тұлғасы зор әрі сұлу. Шудасы бұйралан бұрқыраған, әрі
        аппақ қардай. Өзі үнемі жалғыз жүреді. Мекені – Көкшетаудың
        қапталындағы қалың орман. Су ішетін көлі біреу-ақ – Көкшенің
        түстік іргесінде шалқыған Күміскөл. Ақбура күнде шаңқай түс
        мезгілінде көлге келеді.
            Ақбураның  қасиеті  де  ерекше.  Жасанған  жау  келерін
        немесе ақ сүйек жұт, әйтпесе елбасына ауыртпалық әкелер

































                             99-сурет. Бурабайдағы Түйе тауы


                                                                                       171
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177