Page 167 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 167

рет X ғасырдың дереккөздерінде аталған еді. Оны ХI ғасыр-

             да Оғыз қалалары арасында Махмұд Қашғари атап кеткен.
             XII ғасырда Сығанақ Қыпшақ  мемлекеттік одағының  астана-
             сы  болды.
                 Ортағасырлық ақын Кисамеддин ас-Сығанақи өз өлеңде-

             рінде қаланы осылайша дәріптеді:
                   «Егер жаратушы маған екінші өмір сыйласа,
                   Сығанақтағы өмірді  өкінішсіз  аяқтайтын едім».

                 XIII  ғасырдың  тарихшысы  Жуяни  моңғолдардың  қарсы-
             лығына кек ретінде 1219 жылы басып алған қаланы суретте-
             ген.  Ол  Жошы  жауынгерлері  Сырдария  бойымен  төмен

             жылжып, қалаларды бірінен соң бірін басып алды деп жазады.
             Жошымен бірге екі жергілікті көпес – Хасан Қожа және Әли

             Қожа еріп жүрді. Хасан Қожа тұрғындарды берілуге  көндіру
             үшін Сығанаққа жіберілді, бірақ қалалықтар саудагерді өлтіріп,
             қарсыласуды  жалғастырды.  Жеті  күндік  шабуылдан  кейін

             ғана  Сығанақ  басып  алынып,  халық  толығымен  жойылды.
             Сығанақтағы өмір ұзақ уақытқа  тоқтады, қаланың бір бөлігі
             қирандыларда қалды. Плано Карпини Моңғол империясына
             барған алғашқы еуропалық адам еді. Жойылғаннан жиырма

             бес жыл өткен соң, Сырдария қалаларын аралап жүріп, ол
             өзінің күнделік жазбасында: «Біз бұл жерден сансыз қираған
             қалаларды, қираған бекіністер мен көптеген қараусыз қалған
             ауылдарды таптық» деп жазды. Дегенмен, XIII ғасырда қала
             Алтын  Орданың  астанасы  болған  кезде  Сығанақ  қайта
             құрылып, өзінің бұрынғы даңқына жетті.


                                                Сайрам

                 Керуен саудасы дәуірінде тағы бір ежелгі қала – Испид-
             жабтың  немесе  Сайрамның  маңызы  зор  болды.  Бірде-бір
             саяхатшы бұл даңқты қаланы және оның байлығына сипатта-
             ма  жасамай  өтпеді.  Онда  әр  түрлі  елдердің  саудагерлері,

             Бұхара, Самарқанд елшілері тоқтаған.


           166
           166
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172