Page 165 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 165

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ.

                             ГҮЛДЕНУІ ЖӘНЕ ҚҰЛДЫРАУЫ


                                              Түркістан


                 Түркістан  –  Оңтүстік  Қазақстан  облысында,    Сырдария
             өзенінің  оң  жағалауында  орналасқан  орта  ғасырлық  қала.

             Ежелгі уақытта Түркістан, Самарқанд, Хиуа және Бұқарадан
             солтүстікке апаратын негізгі керуен жолдарының қиылысын-
             да орналасқан. Бұл жерде қоныстар б.з.д. 500 жылы пайда
             болды.Біздің  дәуірде,  X  ғасырда  бұл  қала  Шавғар,  ал  XII

             ғасырдан бастап Ясы деп аталды. Орта ғасырда қоныс бекініс
             болған.
                 Әмір  Темірдің  бұйрығымен  салынған  әйгілі  Қожа  Ахмет
             Яссауи  кесенесі  орнатылғаннан  кейін  Түркістан  түріктердің

             діни-мәдени орталығына айналды.



































                                 96-сурет. Е. Ким «Ежелгі Түркістан»


           164
           164
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170