Page 161 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 161

жазықтар көп. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз сол жер-

             де ежелде қала тұрғызып, егіншілікті меңгерген. Ал орталық
             және солтүстік Қазақстанның ұланғайыр кеңістігінде көшпелі
             мал шаруашылығы дамыған.
                 Ата-аналар мен мұғалімдер кішкентай кезден балаларға

             Отанына  деген  сүйіспеншілікті  дарытады.  Мысалы,  біздің
             ата-әжелеріміз,  әкелеріміз  бен  аналарымыз  туған  жерін-
             де өткен оқиғалар туралы әңгімелейді. Балабақшалар мен
             мектептерде балаларға туған өлкенің табиғатын сүюге және
             қорғау ға, ата-бабасына құрметпен қарауға үйретеді. Өлкең-

             нің тарихын, аңыздарын, айтулы күндерін білген маңыз ды.
             Туған өлкеден шыққан кейіпкерлерді, жазушылар мен ақын-
             дарды,  композиторларды  мақтан  ету  қажет.  Өйткені  олар
             өз шығармаларында, әндерінде, өлеңдерінде туған өлкесін

             дәріптейді.
                 Мұның бәрі өлкетанудың ажырамас бөлігі.
                 Өлкетанудың  арқасында  кейбір  мерекелер  мен  дәстүр-
             лердің  ауқымды  еліміздің  әртүрлі  аймақтарында  неге  түр-
             ліше  аталып  өтетінін  білеміз.  Өлкеміздің  даму  жолы  және

             оның басқа өлкелердің дамуына ұқсамауының себебі тура-
             лы  ақпарат  аламыз.  Туған  өлкеміздің  халқы  сонау  заман-
             дағы  ата-бабамыздың  бірін  немесе  қаламызда  не  ауылда
             тұрған тұрғындарды ерекше құрметтеуінің себебін түсінеміз.
             Кіші Отанымыздың гүлденуі үшін еткен еңбегінен хабардар

               боламыз.
                 Өлкетанумен айналысатын тарихшылар өлкетанушылар
             деп аталады. Өлкетанушылар жинаған экспонаттар сақтала-
             тын және көрсетілетін мұражайлар өлкетану мұражайы деп
             аталады.

                 Әрбір қалада жеке өлкетану мұражайы бар. Өйткені әр қа-
             ланың өзіндік ерекше тарихы бар. Дегенмен, қаланың ғана
             мақтан етерлік дүниесі болады деп айта алмаймыз. Өлкетану
             мұражайы көбіне ауылдық мектептерде болады. Әрбір елді



           160
           160
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166