Page 163 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 163
7-бөлім бойынша тапсырмалар
? «Туған жер» ұғымы нені қамтиды?
1. Дұрыс жауапты таңда:
• туған жер
• туған күн
• достар мен туыстар
• отбасы
2. Өлкетану нені зерттейді?
3. Өлкетану мұражайында өлкеңдегі қандай оқиғалар туралы
айтылады деп ойлайсың?
4. Атақты отандастарыңның арасынан кімді білесің?
5. Туған жеріңді қалай сипаттар едің? Ол үшін мына жоспар-
ды қолдан:
• Өлкеңді сипатта. Онда не бар? Өзендер ме? Теңіз бе? Көл-
дер ме? Таулар ма? Дала ма? Орман ба?
• Ондағы қыс, жаз, көктем, күз қалай өтеді?
• Аймағыңда қандай өндіріс немесе егіншілік түрі дамыған?
Оның себебі неде деп ойлайсың?
• Өлкеңде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?
• Аймағыңда қандай ерекше дәстүрлер бар? Ол өңірде қан-
дай мерекелер атап өтіледі?
6. Келесі тапсырманы орында
1) Сен тұрған аумақтағы тарихи ескерткішті тап. Оны сурет-
ке түсір.
2) Ескерткіш туралы келесідей жаз:
– тарихи ескерткіштің атауын;
– құрылған уақыты, орны, ескерткіштің авторы туралы;
– ескерткішті сипатта;
– қай себептен осы ескерткіш құрылғаны туралы жаз;
– ескерткіштің қазіргі кездегі күйі.
162
162