Page 162 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 162
мекеннің қазір тұрып жатқан немесе бір кездері осы аймақта
тұрған әйгілі тұрғындары болады. Бұл өлкеде күллі Қазақстан
немесе тіпті әлем үшін үлкен маңызға ие оқиғалар орын алуы
да мүмкін. Бұл да өлкетану мұражайында көрсетіледі.
Өлкетану мұражайында туған өлкесінде өнеркәсіп неме-
се ауыл шаруашылығы қалай дамығаны туралы айтылады.
Өлкенің жерінен қандай пайдалы қазбалар табылғанын білу-
ге болады. Өлкеңе, қалаңа немесе ауылыңа атауды кім бер-
генін де өлкетану мұражайынан біле аласың.
Әрбір адам үшін бала кезінен айналасында болған
адамдар өте маңызды. Бұл ата-ана немесе жақын туыстар
ғана емес, сонымен қатар көршілер, таныстар, достар, сы-
ныптастар. Барлық танысу, жетістіктер мен бастамалар туған
өлкенің ажырамас бөлігі болып табылады. Өзіңнің немесе
жақындарыңның бірінің аты уақыты келгенде өлкенің тарихы-
на енуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті өлкетану мұражайы
айтып, көрсетеді.
Өлкеңдегі өлкетану мұражайына мұғаліммен немесе ата-
анаңмен барып кел. Өйткені әрбір өлкенің мақтан тұтатын
дүниесі жетерлік. Әр өлкенің өзіндік ерекше тарихы бар. Ол
таңдай қақтырады, әрі басқа жерлердің тарихына ұқсамайды.
Кіші отан – адамның туып-өскен жері, туған ауылы не-
месе қаласы.
Өлкетану – туған өлкені және оның ерекшеліктерін зерт-
тейтін ғылым.
Климат – көптеген жылдар бойы өзгермейтін ауа-райы-
ның ерекшеліктері.
Өлкетанушылар – өлкетанумен айналысатын тарих-
шылар.
Өлкетану мұражайы – өлкетанушылар жинаған экспо-
наттар сақталатын және көрсетілетін мұражай.
161