Page 159 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 159
ӨЛКЕТАНУ НЕНІ ОҚЫТАДЫ?
Бұл тақырыпта сен:
Отан және кіші Отан дегеніміз не;
өлкетану дегеніміз не;
өлкетануды не үшін зерттеу керек екенінен
хабардар боласың.
Әр адамның Отаны болады. Бұл оның туып-өскен жері.
Ата-анаң сияқты Отанды да таңдау мүмкін емес, ол туғанда
бір рет және мәңгілікке беріледі.
Отан сөзі ежелгі сөздердің біріне жатады.
Отан сөзі «от», «отбасы» сөздерден шыққан. Ол бір от-
тан, бір отбасынан шыққан деген мағынаны білдіреді. Әрбір
адам – қандай да бір ежелгі рудан шыққан. Осы Отан сөзімен
басқа маңызы жағынан кем түспейтін сөздер байланысты:
• отбасы – ортақ балалары бар әке мен ана;
• туысқан – жақын және алыс туыстар;
• шежіре – бір рудан шыққан ұрпақтардың тізімі;
• халық – бір елдің тұрғындары;
• Отан – адам дүниеге келген ел.
Бұл сөздердің әрқайсысы адамның жүрегіне жақын әрі
қымбат, өйткені бұл жер бетіндегі барлық тіршіліктің бас тауын
білдіреді.
Отан бір аумақта тұратын, бір тілде сөйлейтін, мемле-
кеттік мерекелерді бірге атап өтетін адамдарды біріктіреді.
Адамдар қажет болған жағдайда өз Отанын қорғауға ат са-
лысады.
Отан деген сөздің екі мағынасы бар. Отан және кіші Отан
деген болады.
Егер адам өзінің туған жері деп санайтын ел туралы сөз
етіп отырса, ол бас әріппен жазылады. Біздің отанымыз,
біздің туған жеріміз – Қазақстан. Ата-бабамыз ғасырлар бойы
158
158