Page 160 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 160
өмір сүріп, еңбек еткендіктен туған жер деп атап жатады.
Көбіне Отанды анамен салыстырады және бұған таңқалуға
болмайды. Өйткені отанымыз да анамыз сияқты бізді асы-
райды, мәпелеп өсіреді, қорғайды. Әлемде көптеген әдемі
әрі қызықты елдер бар, бірақ әрбір адам үшін оның туған елі-
не жетер жер жоқ.
Отанымыз қашанда біздің отандастарымыз үшін үлкен
маңызға ие болды. Халықтың өзі бұл тақырыпта көптеген
керемет мақал-мәтелдерді босқа шығармаған. Отан от-
басынан басталады. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Баршаға ортақ үлкен отаннан басқа әр адамның кіші ота-
ны болады. Кіші отан – адамның туып-өскен жері. Оның ба-
лалық шағы өткен жер. Оны сонымен қатар кіші отан және
туған өлкесі деп атайды. Әр адамның өз туған жері бар. Туған
өлке ірі қала болуы да, тау етегіндегі кішкентай ауыл болуы
да мүмкін.
Қоршаған әлем және туған өлкенің тарихы – адамның
бала кезінен күн сайын көріп, естіп өсетін нәрсесі. Бұл туған
қаласының немесе ауылының жалпы атмосферасы – оның
әсем көрінісі, климаты, адамдары, өсімдіктер мен жануарла-
ры, сонда болған оқиғалары. Туған өлкені зерттеумен өлке-
тану ғылымы айналысады.
Өлкетану – туған өлкені және оның ерекшеліктерін зерт-
тейтін ғылым. Табиғаттың, халықтың ерекшеліктері, туған өл-
кенің адамдары айналысатын қызмет түрі – осының барлығы
өлкенің даму тарихына әсерін тигізді.
Қазақстан үлкен аумақты алып жатыр. Сондықтан біздің
еліміздің әртүрлі бөліктерінде климат алуан түрлі. Әрбір ай-
мақтың өзіне тән климаты болады, ол оның географиялық
орналасуына байланысты. Алуан түрлі климат пен табиғат
ерекшеліктерінен елімізде әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын
өңірлер қалыптасты. Мысалы, оңтүстікте өзендер, құнарлы
159