Page 166 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 166
Тараз
Тараз (Талас) – қазіргі Тараз қаласы орта ғасырдағы
қаланың орнында орналасқан. VII–VIII ғасырларда осы қала
Ұлы Жібек жолы өтетін ірі сауда және қолөнер орталығы
болды. Дереккөздер Тараз қаласын «саудагерлер қаласы»
деп атаған. Бұл түргештердің, қарлұқтардың, содан кейін
Қараханидтердің экономикалық және мәдени орталығы
болған. Дәл осы қалада түрік қағандары Византиядан елші-
лер қабылдады.
97-сурет. Ежелгі Тараз
Сығанақ
Сығанақ – монғол шапқыншылығына дейінгі Ұлы Жібек
жолындағы ірі сауда орталығы. Онда әртүрлі өнімдері бар
үлкен ғимараттар мен гүлденген қала болды. Сығанақ алғаш
165