Page 173 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 173

басқадай жаманшылық боларын күні бұрын сезеді. Күндей

             күркіреп, шабынып, мазасызданып тыныштық бермей кетеді.
             Бозда ған  дауысы  бір  тынбастан  маңайдағы  елді  аралап,
             жүйітки  жортып  шығады.  Ақбураның  ол  хабарын  алған  ел
             ерте бастан қамданып, сақтық  жасайды. Ақбураны жердің
             киесі, елдің қыдыры деп біледі. Қасиеттеп, қадір тұтады.
                 Жылдардан  жылдар  өтеді.  Ел  ішінен  бір  қаныбалақ  қа-
             рақшы шығады. Қасына өзіндей кілең сотқарларды ертіп жү-

             ріп, елдің тыныштығын кетіреді. Аңдар мен  құстарды қынадай
             қырады. Оның сол бұзықтығын білген Ақбура қарақшы келе
             жатқанда жолындағы аңдар мен құстарды сақтандыра боз-
             дап жортып жүйіткиді. Сол үшін оған әлгі қанішер қатты өші-
             геді.  Өлтіруді  ойлайды.  Бірде  Ақбура  қалың  орманды  қақ
             жарып  қарсы  алдынан  шыға  келеді.  Қарақшы  жалма  жан
             сауыт бұзар сұр жебені сары садаққа сала сап, дәл төстен
             көздеп,  адырнаны  шір  тартып  жібереді.  Ысқыра  зулаған
             сұр  жебе  Ақбураның  кеудесін  көктеп  кіріп,  артқы  өркеші-

             нен шығады. Ақбура аузынан қанды көбік бұрқырай күркіреп
             қарақшыға тұра ұмтылады. Қарақшы атын бор-байлап қалың
             қорымға қойып кетеді. Ақбура әлсірей бастағанын сезіп, кейін
             қайтады.  Қаны  саулап,  жаны  қинала  сүйретіліп,  өзі  мекен
             еткен қалыңға әрең жетеді. Құбылаға басын-бере шөгіп жа-
             тады да, көз жұмады.
                 Ол мекен еткен аймақты Бурабай деп, су ішетін күміс көлді

             Бурабай көлі деп атайды. Киелі жануар сол күйі биіктігі 600
             метрге  тең  тауға  айналып,  мәңгіге  қалады.  Артқы  өркешке
             жетіп зор жебе де сол күйі сойдиып, қияннан көзге шалынып
             әлі тұр.

                                     Баян сұлу туралы аңыз

                 Қазақтардың тарихи аңыздары таулар мен қоныстардың
             аттарын әдемі  Баянның есімімен байланыстырады.
                 Қарабай бай көшпелі болған кісі. Қарабайдың әйелі Қа-

             рагөз Баян есімді қыз туып, оның досы Сарыбайдың әйелі



           172
           172
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178