Page 176 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 176
100-сурет. Баян-сұлу мен Қозы Көрпеш
Бірнеше күннен кейін садақтың жебесімен Қодар опасыз-
дықпен ұйқыдағы Қозы Көрпешті өлтірді. Баянның қайғыдан
қабырғасы қайысты.Ол Қозы Көрпешті Қызыл Қияға жақын
жерге жерледі. Қодарға құдық қазып, өзіне сол құдықтан
су алып беруін бұйырды. Қодар Баянның шашынан ұстап,
құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп
тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Баян
сұлуға ынтық болған тоқсан жігіт құдыққа тас лақтырды.
Бір жылдан кейін ата-бабаларының әдет-ғұрпы бойынша,
ол қаза тапқан күйеу жігітті еске алу рәсімін атап өтіп, қабір-
дің үстіне кесене орнатуға бұйрық берді. Ол сонда барып,
белбеуінен қанжарды жұлып алып, жүрегіне салды.
Найзағайдың жылдамдығымен дала «Ұзын Құлағы» сұлу
Баянның қайғылы қазасы туралы хабарды бүкіл қазақ дала-
175