Page 178 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 178

сендерді ешкім білмейтін құпия соқпақпен алып барам. Ма-

        ған еріңдер! – деді.
            Шілденің  шыжып  тұрған  ыстығы.  Су  сұрап  аңқасы
        кепкен,  шөлдеп,  күн  өтіп,  ауырып  өліп  жатқан,  көмусіз  қа-
        лып жатқан парсы нөкерлерінің қисабы жоқ.

            Осылайша Шырақ парсы әскерлерін жеті күн, жеті түн бойы
        адастырып,  шексіз  құм  басып  жатқан  даланың  түпсіз  тұң-
        ғиығына енгізіп жіберген еді.
            Шырақтың мәңгілік тұтқыны болғанын сезген парсы патша-
        сы Шыраққа төне түсті. Ал Шырақ жалынды қуанышты да-
        уыспен парсы әскеріне айқай салды:

            Мен жеңдім! Біз жеңдік! Сақтар жеңді! Отан үшін жан пида.
        Мақсатыма жеттім. Енді мені өлтіре беріңдер. Мен өлімнен
        де, сендерден де қорықпаймын!
            Шырақтың жалынды сөздеріне бұдан әрі шыдап тұра ал-
        маған Парсы патшасы қылышын сермеп қалды. Шырақ туған

        жердің топырағын құшақтай құлады.
            «Бұл – аңыз емес, тарихи шындық», – деп жазады Полиэн.

                    Ғұндар мемлекетінің тұңғыш басшысы –

                                     Мөде туралы аңыз

            Ғұндар мемлекетінің алғашқы билеушісі, дана Мөде тура-
        лы аңыз бар.

            Ғұндардың кең байтақ жеріне Дунь Ху мемлекетінің ханы
        қызығып, оны алудың амалын ойластырды. Дунь Ху елінің
        әміршісі ғұндардың жас патшасына елшісін жіберіп:
            – Мөде достығымызды сыйласа, маған сәйгүлігін берсін, –
        дейді.
            Сөйтіп күніне айшылық жолдарды алатын жүйрік тұлпарын

        сұратады.
            Мөде  елдің  ең  атақты  да  ақылды  адамдарын  жинап,
        не  істейтіні  жөнінде  кеңес  құрады.  Кеңесшілер  оған  былай
        дейді:



                                                                                       177
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183