Page 175 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 175

шақырымға  созылған  таулар  сол  ежелгі  дәуірде  барлық

             көшпенділер тек Баян тау деп атады. Қазір де солай аталады.
                 Баян мен Қозы-Көрпеш 17 жасқа толғанда, Сарыбай ке-
             дейленіп, оның отары қатты азайды. Қызының сұлулығы қан-
             дай даңққа бөленетінін және оған қаншалықты үлкен қалың
             мал  алуға  болатынын  көрген  Қарабай  досына  берген
             антын  бұзуға  шешім  қабылдады.  Сондықтан  ол  өзінің  ірі
             отарларымен  Сарыбай  отбасынан  әрі  қарай,  жаңа,  алыс

             жерлерге қоныс аудара бастады.
                 Бай  Қодар  Қарабай  ауылдарымен  бірге  жүре  бастады
             және  Баянның  жүрегіне  жол  іздеді.  Қарабай  асықпай,  сау-
             даласады. Бір күні шөл далада Қарабайдың  тайпасы жолдан
             адасады. Ал бұны Қодар ұйымдастырған. Қодар Қарабайдың
             қызы  Баянды  оған  әйелдікке  берсе,  жолды  тауып  беруге
             көмектесетінін айтты. Қарабай келісті.
                 Барлық туыстары Аягөз өзеніне сәтті жеткенде, жаңа күйеу
             үйлену  тойына  асыға  бастады.  Алайда,  Баян-сұлу  арамза

             және сараң Қодарды ұнатпай, той күнін кейінге қалдырды.
                 Осы кезде жетілген Қозы Көрпеш өзінің қалыңдығын та-
             буды ұйғарды, сайып келгенде Қарабай ауылын Аягөз өзені
             маңынан тапты. Жігіт қойшы болып жалданып, Баян сұлумен
             танысады.
                 Баян  Қозы  Көрпештен  өзінің  идеалы  –  мөлдір  жанды,
             әділ, батыл, қорғансыздың тірегін көрді. Қозы Көрпеш те қыз-

             ға  ғашық  болды.  «Бізге  бірге  болу  үшін,  мен  ештеңенің
             алдында тоқтамаймын, – деді ол өзіне».
                 Көктемгі  мерекелер  халық  серуендері  кезінде  Қозы-
             Көрпеш  Қодарды  батырлар  күресінде  жеңіп  кетеді.  Бірақ
             ашық  шайқаста  жеңілген  Қодар  жасырын  күрес  жүргізеді.
             Оның жағында қыздың әкесі. Баян сұлу ғашығына:

                            Айтпадым ба, тіпті осы ел сізге ел емес,
                            Бұл сізді өлтірем деп қылған кеңес.
                            Мені алып қайт, қарағым, тура еліңе,
                            Енді саған жабылар, тыныштық бермес.



           174
           174
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180