Page 6 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 6

Оқулықпен қалай  жұмыс істеу керек?


                                     Қымбатты оқушы!


            Осы  оқулық  арқылы  Сен  тарих  әлеміне  бойлайтын
        таңқаларлық саяхатты бастайсың. Біздің еліміз бен арғы ба-
        баларымыздың өткені туралы білетін боласың.
            Оқулықтың соңында мазмұны бар. Соның көмегімен қа-
        жетті мәтінді тез табуға болады.
            Кітаптағы мәтінді оқығанда тарихи картаға зер салған дұрыс.

        Ол мемлекеттердің орналасқан жерін, тарихи оқиға орында-
        рын, елестетуге көмектеседі.
            Мәтіндегі мәнді сөздер көк түспен ерекшеленген. Сұрақ-
        тарға жауап бергенде осы сөздерді пайдаланған абзал.
            Жасыл   қоршауда   тарихи  терминдерге  түсініктеме

        берілген. Бұл сөздердің мағынасын білу жаңа тақырыпты
        түсінуге және игеруге көмектеседі.
            Мәтін  соңындағы  сұрақтар  мен  тапсырмалар  меңгерген
        сабақты  бекітуге  арналған  және  олар  қиындығына  қарай
        жіктелген. Тапсырманы таңдауда мұғалім көмектеседі.
            Кейбір  тапсырманы  дәптерге  жазып  орындау  керек  бо-
        лады. Олар да күрделілігіне қарай бөлінген.
            Күлгін  түсті  қоршаумен  белгіленген  тапсырманы  мұға-
        лімнің жетекшілігімен бірлесе атқарасыздар.

            Тапсырманы  орындағанда  сұрақты  мұқият  оқып,  оның
        жауабын оқулықтағы материалға сүйене отырып табу керек.
            Әлемдегі  барлық  халықтың  өз  тарихы  бар.  Бізге  өз
        халқымыз бен Отанымыздың тарихын білу аса маңызды. Де-
        мек, арғы тегіміздің қайдан шыққанын және қалай өмір сүр-

        генін, тым ерте заманда біздің жерімізде не болғанын білу
        керек.


                                                                                        5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11