Page 9 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 9

Кіріспе



                 Біздің  ел  Қазақстан  Республикасы  деп  аталады.
               Қазақстан  –  әлемдегі  ең  ірі  елдің  бірі.  Аумағы  бойынша
             әлемде 9-шы орында.
                 Өзге  де  тәуелсіз  елдер  сияқты  Қазақстанның  да  өзіндік

             мемлекеттік рәміздері бар: Туы, Елтаңбасы және Әнұраны.
                 Қазақстан  тәуелсіз  ел  болған  тұста  өзінің  мемлекеттік
             рәміздері: елтаңбасы мен туын белгілеп, әнұранын таңдау
             мәселесі туындады. Оны жасауға көптеген суретшілер мен
             ақындар ұмтылды. Солардың арасынан ең үздігі таңдалды.
                 Қазақ елінің мемлекеттік Елтаңбасы мен Туының автор-
             лары не айтқысы келгенін көрейік.
                 Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы шеңбер түрінде бей-
             неленген.  Ол  көшпелілер  үшін,  біздің  ата-бабаларымыз
             үшін өмір мен мәңгіліктің белгісі болып саналады. Шеңбердің
             ортасында  –  шаңырақ.  Шаңырақ  –  киіз  үйдің  ең  басты

             бөлігі.  Шаңырақ  қазақ  үшін  –  отбасылық  береке,  татулық
             және  бейбітшіліктің  таңбасы.  Уық  –  күмбез  бағаналары  –
             көк  аспандағы  күннің  сәулелеріне  ұқсайды.  Ол  өмір  мен
             жылудың  көзі.  Осылайша,  Елтаңбаның  авторлары  қазақ
             елі нің  бейбітшілігін  көрсетіп,  халы қты  ор тақ  шаңырақтың
             астына  шақырады.  Еліміздің  өркендеуі  –  біздің  басты
             міндетіміз екенін ескереді.
                 Шаңырақ суретінің екі жағында алтын түсті екі тұлпар ор-
             наласқан. Осы тұлпарлар бейнелері арқылы қазақ халқының

             мінез-құлқын,  күш-жігерін,  мәдениетін  көрсете  білді.  Ал
             тұлпарлардың қанаттарын өскен  бидайға ұқсатуға болады.
             Ол да молшылық, әл-ауқаттың белгісі.
                 Еліміздің Мемлекеттік Туының түсі – көк. Бұл бейбіт аспан-
             ның  түсі.  Тудың  ортасында  күннің  бейнесі  орналасқан
             –  өмірдің,  қуаныштың,  қуаттың  белгісі.  Күннің  астында
             қанаттарын кең жайған бүркіт бейнеленген. Бүркіттің бейнесі
             қазақ хал қында ежелден келе жатқан дәс түр.  Көшпенділер




            8 8
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14