Page 14 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 14
ТАРИХ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бұл тақырыпта сен:
тарих дегеннің не екенін;
қандай оқиғалардың тарихи деп аталатынын;
тарихшы-ғалымдар немен айналысатынын оқып білесің.
Тарих – өте ежелгі сөз. Грек тілінен аударылғанда ол «зер-
делеу, өткен оқиғалар туралы әңгіме» дегенді білдіреді.
Өмірде әрбір адамның басынан көптеген оқиғалар өтеді.
Артынан оның көпшілігін біз ұзақ уақыт бойы есте сақтай-
мыз. Әсіресе маңыздыларын тіпті өмір бойы ұмытпаймыз.
Олардың бірі ертерек, енді бірі – кейінірек өткен. Егер біздің
өміріміздегі барлық оқиғаларды бір «тізбекке» жинап, оны
бірінен соң бірін жүйелеп жазса, онда біздің және жекелеген
адамдардың өмірі туралы тарих пайда болады.
Тұтастай адамзат әлемі туралы айтқанда біз тек адамдар
өмі рін өзгерткен аса маңызды оқиғалар мен де рек терді қарас-
тырамыз. Оны біз тарихи оқиғалар деп атаймыз.
Демек, барлық адамдардың тарихы – бұл жер бетінде
алғашқы адамдар пайда болған сәттен бастап осы күнге
де й ін адамдардың басынан өткен барлық тарихи оқиғала ры.
Бүкіл адамзаттың тарихы дегеніміз де осы.
Ал біздің еліміздің аумағында өткен, бізге белгілі тарихи
оқиғалардың бәрін сипаттап жазу – Қазақстанның тарихы.
Жеке адамның тарихы – бұл тек ол туралы әңгіме. Елдің
немесе халықтың, тұтас адамзаттың тарихы – бұл ғылым.
Тарихты зерделейтін ғалымдарды тарихшылар деп
атайды. Олар түрлі халықтардың әр кезде қалай өмір сүр-
генін, олардың басынан қандай оқиғалар өткенін зерттейді.
Адамдар қазіргі жағдайға қалай жеткенін қарастырады.
13