Page 18 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 18

ТАРИХИ ДЕРЕКТЕМЕЛЕР







         Ауызша                     Жазбаша                   Заттай
         деректемелер:              деректемелер:             деректемелер:

         аңыздар,                   ағаш тақташадағы, жеке бұйымдар,
         ертегілер,                 тастағы,                  әшекейлер,
         қиссалар мен               қыштағы,                  көне қала,
         дастандар,                 қағаздағы,                ғимараттар,
         мақал-мәтелдер,            мекенжай                  тұрмыс заттары.
         әндер.                     қабырғасындағы
                                    жазбалар



            Тарихи  деректемелер  мынадай  түрде  болады:  ауызша,
        жазбаша, заттай.

            Ауызша  деректемелер  –  бұлар  аңыз-ертегілер,  мақал-
        мәтелдер,  әндер.  Олар  адамдардың  бір  ұрпағынан  екінші

        бір ұрпағына ұласады. Бұларды зерделеу әдет-ғұрып, ырым,
        салт-дәстүр,  мінез-құлық  ережелері  мен  басқа  да  көптеген
        дүниені білуге мүмкіндік береді.
            Жазбаша  деректемелер  –  ағаш  тақташаларға,  тасқа,

        қышқа,  қағазға,  жартастарға  түскен  жазбалар.  Бұл    қазіргі
        кезге дейін сақталып қалған әміршілердің бұйрығы. Немесе
        ел аралаған кезде көргенінің бәрін жазып отырған саяхатшы-

        лардың кәдімгі күнделігі де болуы мүмкін.
            Заттай деректемелер – заттар, құралдар, елді мекен-
        дердің орындары, қорымдар, обалар, тұрмыстық заттар-
        дың, еңбек құралдарының қалдығы. Археологтардың қазба

        кезінде тапқан дүниелері осылардың қатарына кіреді. Сон-
        дай-ақ оған өткен жылдардан қалған ғимараттар, картина-

        лар, фотосуреттер мен басқа да заттар жатады.


                                                                                       17
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23