Page 20 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 20

8-сурет. Ақын

            Өткен заманның біздің уақытқа дейін жеткен ізін ғалымдар
        сақтап қалуға тырысады. Олар соның бәрін зерделеп, көшір-
        ме жасап, жазып алып, мұражайлар мен арнайы архивтерде

        сақтайды.
            Тарихи  деректеменің  әрбірі  тарихшы-ғалымдарға  ақ-
        парат  береді.  Тарихи  деректемелерді  сақтау  үшін  арнайы

        архивтер мен мұражайлар құрылады. Архив – гректің «ар-
        хейон» деген сөзінен шыққан, «мекеме» деген ұғымды біл-
        діреді.

            Тарихта кездейсоқ ештене жоқ. Сондықтан зерделенетін
        оқиғаларға  дейін  және  кейін  не  болғанын  байғау,  олардың
        арасындағы байланысты айқындау аса маңызды. Сондай-ақ,
        еліміздің бүкіл әлем тарихы үшін белгілі бір оқиғаның қандай

        маңызы болғанын түсінген абзал.



                                                                                       19
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25