Page 22 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 22
ТАРИХИ УАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?
Бұл тақырыпта сен:
уақыт есебі не үшін қажет?
күнтізбе деген не?
тарихи дәуір деген не екенін білесің.
Адамдар жер бетінде көптеген мыңжылдықтар бойы өмір
сүріп келеді. Шатасып кетпеу үшін және ненің ертеде, ненің
кейін болғанын білу үшін адамдар уақыт есебін ойлап тапқан.
Ол үшін уақыттың әртүрлі ұғымына бойлап, күнтізбелер жа-
саған.
Күн мен Ай – аспан денелері. Күн мен Ай аспанда үнемі
белгілі бір уақыт аралығында тұрақты ауысып тұрады. Оны
адамдар ерте заманнан байқады. Күннің шығуы мен батуына
дейінгі уақытты күн деп атаған. Қалған мезгілді түн деген.
Күн және түн – бұл тәулік. Тәуліктің 24 сағатқа тең.
Апта – бұл 7 күн. Барлық халықта 7 саны әрқашан ерекше
болып саналады.
Ай – 30 немесе 31 күн.
Жыл – 365 күн. Бір жыл қыс, көктем, жаз және күз мау-
сымдарынан тұрады.
Тарих үшін уақыттың бұдан да ұзақ кезеңдері маңызды-
рақ. Бұл – ғасыр, мыңжылдықтар, тарихи дәуір, эра.
Ғасыр – 100 жыл. Әрбір ғасырдың басы мен ортасы
және аяғы болады. Шамамен, оны – ғасырды (100 жылды)
үшке бөліп анықтайды. Мәселен, ғасырдың басы – алғашқы
30 жыл. Ғасыр ортасы – 30-шы жылдан 60-шы жылға дейін,
ал ғасырдың соңы – бұл 60-шы жылдан бастап жүзжыл-
дықтың аяғына дейінгі кезең.
21