Page 24 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 24
9-сурет. Уақыт таспасы
Біздің дәуірімізге дейінгі жылдарды біз кері санаймыз. Мыса-
лы 100, 99, 98, 97 сияқты.
Тарихи уақыт қозғалысын жақсырақ түсіну және көрсету
үшін ғалымдар уақыт таспасын бейнеледі.
Тарихи дәуірлер және тарихи кезеңдер – бұл ұзақ
уақыттар аралығы: бірнеше мыңжылдықтар немесе жүз-
жылдықтар. Сол аралықта адамзат өмірінде қандай да бір
айтарлықтай өзгерістер болмаған. Өйткені өте ерте заман-
дарда алғашқы адамдардың өмірі көптеген мыңжылдықтар
бойы өзгермеген. Сондықтан тарихшылар осынау «ұқсас»
мыңжылдықтардың бәрін қоса біріктіріп, оны Тарихи дәуір-
лер деп атаған. Дәуірдің өзі өте ұзаққа созылатындықтан,
оны тарихи кезеңдерге бөлген.
Тарихшылар үшін өткен шақ, қазіргі шақ, болашақ не
екенін білген аса маңызды.
Өте ертеде немесе бірнеше жыл бұрын өткенді – өткен
шақ дейміз.
Қазіргі шақ дегеніміз – дәл осы кезде болып жатқан оқиға.
Біз және бүкіл әлем енді 10 жылдан, одан да көп жылдан
кейін күтетін нәрсені – болашақ – дейміз.
Өткен дүниенің әсері біздің қазіргі өмір сүруімізде маңыз-
ды. Ал енді біздің қазіргі жасап жатқанымыз, біздің болашағы-
мызға да әсер ететін болады.
23