Page 23 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 23
Мыңжылдық – 1000 жыл.
Ғасыр ұғымы тарихта өте жиі қолданылады. Тарихи оқи-
ғаның қай ғасырда болғанын анықтау үшін келесі әрекеттерді
жасау керек:
● алдымен тарихи оқиға қай жылда болғанын анықтап алу;
● соңғы екі цифрын алып тастау;
● қалған санға бірді қосу;
● сол шыққан сан ғасырды көрсетеді.
Мәселен:
1465 жыл 14 + 1 = 15 ғасыр
225 жыл 2 + 1 = 3 ғасыр
2021 жыл 20 + 1 = 21 ғасыр.
Математика сабақтарында сендер жай цифрлармен қатар
римдік цифрлармен де таныстыңдар.
Жай 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
цифрлар
Римдік І ІІ ІІІ IV V VI VII VIII IX X
цифрлар
Тарихи мәтінде ғасырлар римдік цифрлармен жазылады.
Мысалы 15 ғасыр – XV, 3 ғасыр – III, 21 ғасыр – ХХІ.
Ежелгі заманнан бері Еуропа тарихшылары барлық адам-
зат тарихын 2 бөлікке бөлген. Олар: біздің дәуірімізге дейін
және біздің дәуіріміз. Біздің дәуіріміздің жылдары тура рет-
пен есептеледі – 1-ші жыл, 10-шы жыл, 100-ші жыл, 1000-шы
жыл, 2020-шы жыл.
Қазіргі күнтізбе біздің дәуіріміздің бірінші күнінен баста-
лады. Мәселен, қазір біздің күнтізбеде 2021 жыл. Бұл біздің
дәуіріміздің 2021-ші жылы.
Алайда, адамдар Жерде 2020 жылға қарағанда анағұр-
лым көп өмір сүрді ғой. біздің дәуіріміздің бірінші жылына
дейін болғанның бәрі «Біздің дәуірімізге дейін» деп аталады.
22
22