Page 27 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 27
ТАРИХИ КАРТАЛАР –
ТАРИХШЫНЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ
Бұл тақырыпта сен:
тарихи карталар деген не?
тарихи карталар не үшін керек екенін білесің.
Түрлі халықтардың қай жерде тұрғанын, мәдениеттің қа-
лай таралғанын анықтау үшін тарихшы-ғалымдар карта сыза
бастады. Карта – бұл Жер беті жазығының кішірейтілген ке-
скіні. Қазақстан тарихын зерделеу кезінде біз картаны жиі
пайдаланатын боламыз.
Тарихи карта – бұл әртүрлі уақыттағы тарихи оқиғалар
бейнелеп көрсетілген жергілікті жердің картасы.
Тарихи картадағы бейнелер ежелгі мемлекеттерді, олар-
дың шекараларын, ұлы шайқастардың орнын, сауда жолда-
ры мен басқа да деректерді көрсетеді. Халықтар көшіп-қо-
нып, жаңа жерлерге қоныс аударған. Мемлекеттердің
шекаралары да өзгерген. Сондықтан тарихи карталарға да
өзгерістер енген. Яғни олар белгілі бір уақыт кезеңіне ғана
қатысты.
Мәселен, белгілі бір аймақ тарихи кезеңге байланысты
тарихи картада әртүрлі болып шығуы мүмкін. Өйткені уақыт
ағымына қарай әртүрлі тарихи оқиғалар өтеді. Ауылдар мен
жолдар қирайды, оның орнына жаңа жолдар салынып, жаңа
қалалар бой көтереді. Осының бәрін тарихшылар тарихи
картада белгілеп көрсетіп отырады. Оқиғаның қашан және
қай жерде өткенін картаның көмегі арқылы білуге болады.
Картаны белгілі бір тәртіп бойынша оқып үйрену
қажет:
● Алдымен картаның атауын мұқият оқу.
26
26