Page 29 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 29
тықпен салыстырғанда картадағы қашықтық қанша есе кіші-
рейгені көрсетіледі.
Қалалар, өзендер, шайқас орындары картада арнайы
белгілермен көрсетіледі.
Тарихи көне карталар өте құнды дүние. Ежелгі тарихи
карталардан біз бұрынғы заманда қалалар, жолдар қай
жерде орналасқанын біле аламыз. Көне қала картасының
көмегімен ғалымдар қаланың салынған уақытысын анық-
тай алады.
Әр кездегі тарихи карталарды салыстыра келе, уақыт ағы-
мына қарай мемлекеттер, қалалар шекарасының қалай өз-
гергенін көруге болады.
Тарихи картадағы әрбір кезең өз тақырыбында көрсеті-
леді. Мәселен, «Қазіргі Қазақстан» деген тарихи картада
еліміздің шекаралары мен қалалары, жолдары көрсетілген.
Тарихи карталармен жұмыс істей білу тарихты зерделеу-
де көп жәрдемдеседі.
Тарихи карта – бұл әр кезеңде өткен тарихи оқиғалар
бейнеленген жергілікті жердің картасы.
Масштаб – картадағы бейненің қанша есе кішірейгенін
көрсетеді.
Шекара – мемлекеттің, аумақтың, қаланың, ауданның
шегін анықтайтын сызық желісі.
? 1. Қай картаны тарихи деп атайды?
2. Тарихи карталар не үшін қажет?
3. Анықта, төмендегі картаның қайсысы тарихи, кайсысы гео -
графиялық (13-сурет)?
4. Картада масштаб не үшін қажет?
28
28