Page 34 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 34
4. Тарихи кезеңдерді ретімен атап, жазып шық.
Анықтамалық сөздер: Қазіргі заман тарихы, алғашқы
қауым дық тарих, орта ғасыр лар тарихы, жаңа тарих,
ежелгі дүние тарихы.
Бұл қызық!
Жылқылар ерте замандардан бері адамның досына әрі
көмекшісіне айналды. Оны біздің ата-бабаларымыз бұдан
4-5 мың жылдан астам уақыт бұрын ең алғаш қолға үйрет-
кенін ғалымдар дәлелдеді.
Сол заманның адамдары жылқыны қолға үйреткенін
дәлелдейтін көптеген жасанды бұйымдарды археологтар
тапты.
Ұзақ уақыт бойы жылқы қазақтардың басты байлығы са-
налған. Бұрын жылқысы ең көп адам ғана бай деп есеп-
телген. Өйткені көшпелілер үшін жылқы – тек мініс көлігі
ғана емес. Ол әрі тамағы, әрі киімі, тіпті керекті тұрмыс
құралдарын айырбастап алатын мүмкіндігі болды. Түрлі
ел билеушілеріне де аса қадірлі әрі қымбат сыйлық ретін-
де көрікті жүйрік арғымақтар тарту етілген.
Қазақ балалары үш жасынан бастап атқа мінген. Ал
бәйге – қазақтар арасында ең әйгілі спорт түрі саналады.
Мұндай ұлы жарыстарға Қазақстанның барлық өлкесінен
адамдар жиналады. Шабатын жүйрікке жеңіл болуы үшін
шабандоз ретінде қашанда 7–12 жастағы балалар таңдап
алынады. Бәйге деген мейрам, оны жас-кәрі демей бәрі
жақсы көреді.
Тіпті қазақ ертегілерінің өзінде жылқы өзге малдың бәрі-
нен көп айтылады.
Жылқы – өте зерек, әрі адал жануар. Сондықтан ол
адамға тек көмекші ғана емес, дос ретінде де бағалы.
33