Page 36 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 36
4. Картаны жоспарға сәйкес «оқы»:
Тарихи картаны қалай «оқуға» болады (16-сурет)
1) Картаның атауын оқы. Онда картада бейнеленген
аумақ және суретке тиесілі уақыт туралы ақпарат
бар;
2) Бұл картада көрсетілген ақпаратты оқуға мүмкіндік
беретін шартты белгілерімен таныс;
3) Картадан қалаларды, шекараны, көрші мемлекеттер ді
анықта (16-сурет);
4) Картада көрсетілген адамның әрекетін анықта.
Есің де болсын, картадағы қозғалыс әрдайым көрсеткіш
арқылы көрсетіледі.
5. Картада Отырар қаласын көрсет (16-сурет).
6. Шыңғыс ханның әскерлері қай бағытта жылжығанын
көрсет (16-сурет).
16-сурет. Шыңғыс ханның Орталық Азияға жорықтары
35