Page 41 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 41
20-сурет. Ежелгі адамдардың тастан жасаған құралдары
пайым, үшкір тастардан жасалған еңбек құралдары. Алғашқы
қауым адамдары тастың көмегімен аң аулаған, олардың
етін мүшелеп бөлген. Пышақтың, балтаның орнына тасты
пайдаланған.
Ежелгі адамдар еңбек құралдарын дайындау үшін ал-
дымен лайықты тасты таңдап іздеген. Тасты сыналап
сындыр ған. Алған бөлігін қайрап үшкірлеген, тісті шетін өт-
кірлеген. Онымен таяқты жонып, теріні сыдырған. Өлтірген
аң етін бұзып бөлшектеген. Негізгі еңбек құралы тас болған-
дықтан, дәл осы кезең тарихта Тас дәуірі деп аталады.
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауым адамдарының ең
ежелгі еңбек құралдарын Қаратау баурайынан археологтар
тапты.
Тас дәуірі – алғашқы адамдар пайда болған дәуір. Еңбек
пен тұрмыста адамдар тас құралдарын пайдаланған.
Палеолит – Тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі.
Мезолит – Тас дәуірінің орта кезеңі.
40
40