Page 44 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 44

22-сурет. Неандерталдықтар

          айналысты. Жыртқыш аңдар мен табиғатқа төтеп беру үшін
        де  топтасып  өмір  сүрді.  Мұндай  бірлесулер  «адамдар  то-
        быры» деп аталады. Аңға шыққанда да, қорғанған кезде де

        алғашқы қауым адамдарына бірлесе қимылдау қажет болды.
            Неандерталдықтар бизон, зіл, үңгір аюы сынды ірі аңдар-
        ды аулады. Мұндай әрекетке олар аранды аңшылық кезінде
        ғана тәуекел ете алатын. Яғни, аңды шуылмен, отпен үркітеді
        де, қуалап үлкен тік жарға түсіреді. Зорыққан аң құлаған соң
        адамға оны тек соғып алу ғана қалады. Аңшылар тобы аңды
        аранға түсірумен ғана шектеліп қалмаған. Олар тор жасап,
        сонымен де аңдарды аулаған.
            Аңшылық қаруы – сойыл, шоқпар, ағаш айыр және сүң-

        гі. Алғашқы қауым адамдары таяқ басына үшкір тас бай-
        лады.  Сөйтіп  қолдан  жасалған  алғашқы  найзалар  пайда
        болды.
            Терімшілер жидек, ағаш жемістерін, тамыр жемісті, жеуге
        жарайтын шөптерді, құс жұмыртқасын, басқа да қорек етуге

        болатын заттарды жинады.


                                                                                       43
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49