Page 48 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 48
ЕЖЕЛГІ ҚАУЫМ
Бұл тақырыпта сен:
Ежелгі қауым деген не екенін білетін боласың.
Уақыт өте келе алып мұздықтар ери бастады. Мұздан бо-
саған жерлерде әртүрлі өсімдіктер пайда болып, Жер қазіргі
кейпіне ұқсас күйге енді.
Ежелгі кездегі адамдар енді бір жерде ұзақ уақыт тұрақтай
алатын болды. Қоныс деп аталатын орындарда олар ұзақ
тұрақтаған соң өздерінің жасанды заттарын қалдырды.
Осындай қолдан істелген, яғни адам жасаған кез келген зат-
ты артефактілер деп атайды. Археологтар тапқан осындай
заттардың арқасында біз алғашқы адамдардың қалай және
қашан өмір сүргенін біле аламыз.
Ең ежелгі артефактілер – бұл еңбек құралдары, аң сүй-
ектерінің қалдығы, жартастағы жазулар. Біздің еліміздің
25-сурет. Жартастағы суреттер
47