Page 49 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 49
26-сурет. Ежелгі қауым адамдарының іс-әрекеттері
аумағындағы осындай алғашқы қоныстар Қазақстанның оң-
түстігінен табылды. Мәселен, тастан еңбек құралдарын дай-
ындайтын тұтас бір шеберхананың табылғаны ғалымдар-
ды таңғалдырды. Оның бірі Павлодар облысындағы Ертіс
өзенінің малтатастар шашылған жағалауында кездеседі. Бо-
лашақ құралдарын әзірлеу мақсатымен біздің ежелгі бабала-
рымыз тура осы жерге келген көрінеді.
Мұз дәуірінің соңына қарай ежелгі қауымның алғашқы
түрі пайда болды. Ежелгі қауымдағы байырғы адамдар
неғұрлым тұрақты және біркелкі ұжым болып саналды. Топқа
қарағанда қауымды топ біршама ұйымдасқан болатын. Қа-
уымда енді жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі
қолданысқа енді. Күш-қуаты мол ересек еркектер ірі аңдарды
аулауға шықты. Әйелдер мен балалар терімшілікпен шұғыл-
48
48