Page 54 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 54
Мал шаруашылығы – сүт, ет, жүн, былғары шикізатын
алу, сондай-ақ жегін күшін пайдалану үшін үйде мал өсіру
арқылы дамыды.
Ал уақытша тұрақ орындарында адамдар қарадүрсін егін-
шілікпен шұғылдана бастады.
Қарадүрсін егіншілік – бұл шот, тісағаш сынды қолдан жа-
салған құралдар көмегімен тағамдық өсімдіктерді өсіру.
Микролиттер – алғашқы қауым адамдарының тастан
жасалған, ұзындығы 1–2 сантиметр болатын
ұсақ еңбек құралдары.
Рулық қауым – өзара қандастық, туыс байланыс тағы
адамдардың топтасқан ұжымы.
Тайпа – бірлескен бірнеше рулық қауым.
Мал шаруашылығы – сүт, ет, жүн, былғары шикізатын
алу, сондай-ақ жегін күшін пайдалану үшін үйде мал өсіру.
Егіншілік – бұл қолдан жасалған құралдар көмегімен
тағамдық өсімдіктерді өсіру.
? 1. Аң аулау мен балық аулауға арналған қандай жаңа құрал-
дар пайда болды?
2. Адамдардың кәсібін атап беріңіз. 28 суретті қолданыңыз.
3. Садақ пен жебе өнертабысының арқасында аңшылықта
қандай өзгерістер болды?
4. Суда тасымалдаудың қандай құралдары ойлап табылды?
5. Аңшылық кәсіптен қандай жаңа кәсіп пайда болды?
6. Адам ең алдымен қай жануарды қолға үйреткен?
7. Рулық қауымдардың алғашқы қауымдықтардан айырмашы-
лығы неде?
8. Бірнеше рулық бірлестігі қалай аталады?
53