Page 55 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 55
ТАС ДӘУІРІНІҢ СОҢЫ
Бұл тақырыпта сен:
Тас дәуірі қалай аяқталды;
Тас дәуірінде адамдар қалай өзгерді және не үйренді
деген сұрақтарға жауап табасың.
Тас дәуірі аяқтала бастады. Тас дәуірінің соңғы кезеңі
Неолит деп аталады.
Алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесі келесі ұрпаққа
ұласып, олар да оны пайдаланып байыта түсті. Соның арқа-
сында адамзаттың дамуы әжептеуір жетіліп, жеделдей түсті.
Бұл кезеңде тас өңдеу техникасы жоғары деңгейге жетті.
Ежелгі адамдар тасты аралап кесуді, қырнап тегістеуді,
ысқылап жылтыратуды, тастан тілімше жасауды үйренді.
Олар – пышақ, орақ сынды қарудың қосымша бөлшегі ретін-
де қызмет етті.
Мал шаруашылығы мен егіншілікті игеру – адамдарды та-
биғат пен ауа райына тәуелді болудан құтқарды. Диқандар
еңбек құралының – кетпен шот, дәнүккіш, орақ сынды жаңа
түрлерін ойлап шығарды. Тастан жасалған келі мен кел-
сап пайда болды. Олар жемістер мен бидайды түю үшін
қажет еді.
Малшылар хайуандардың жаңа түрлерін қолға үйрете
бастады. Оларды өсіріп, санын арттырды. Неолитте ежелгі
адамдар иіру және тоқу ісімен, киім тігумен айналыса баста-
ды. Иіру адам ойлап тапқан ең көне қолөнері. Малдың жүні-
нен немесе майлы өсімдіктер талшығынан жіп иіріп шығар-
ған. Тоқу дегеніміз тоқыма станогында мата өндіру. Иіру мен
тоқу адамның ең ежелгі қолөнерлері.
Неолитте тоқыма станогының жұпыны түрі ойлап та-
былған. Ол жүннен иірілген жіптен алғашқы қарапайым мата-
ны тоқып шығаруға көмектесті.
54
54