Page 53 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 53
шісіне айналды. Ит аңдарды тез табатын және аңшылықтың
сәтті болуына септесетін. Жабайы аңдарды қолға үйретіп,
ырыққа көндіру үшін адамдар асқан төзімділікпен көп күш
жұмсады. Қаумалап ұстау кезінде қолға түскен хайуандар қа-
шаға қамалып, кейбірі төлдей бастады. Адамдар жас төлдер
үшін арнайы орын қоршап бөлді. Онда кішкентай бұзаулар,
лақтар мен қозылар бағылып, өсіп жетілді. Мұндай жану-
арлардан сүт, жүн, ет алу жеңілге түсті. Осылайша, қой мен
ешкі, сиыр мен жылқы қолға үйренді.
Өкінішке қарай, Қазақстан аумағында Мезолит кезеңіне
тән мекендер онша көп емес. Өйткені адамдар сол кезде
тұратын баспана жасамаған. Сол кезеңдегі ежелгі адамдар
үнемі хайуандардың соңынан еріп отырған. Ал малға қашан-
да өз азығы – шөп керек. Сөйтіп, мал шаруашылығы қалып-
таса бастаған.
28-сурет. Ежелгі қауым
52
52