Page 51 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 51
МҰЗДЫҚТАРДЫҢ ШЕГІНУІ.
РУЛЫҚ ҚАУЫМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Бұл тақырыпта сен:
рулық қауым деген не?
мезолит дәуірінің адамдары қалай аңшылық жасады?
біздің арғы бабалар қай жануарды бәрінен бұрын қолға
үйретті? деген сұрақтарға жауап табасың.
Мұз дәуірі аяқталды. Климат айтарлықтай жылынды. Мұз-
дықтар еріп кетті. Тас дәуірінің орта кезеңі – Мезолит бастал-
ды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – микролиттердің –
алғашқы қауым адамдарында тастан жасалған, ұзындығы 1–2
сантиметр ұсақ еңбек құралдарының пайда болуы. Негізінде
микролиттер – сүйектен, ағаштан, аша мүйізден жасалған
қарудың салынбалы жүзі, жебенің ұшы ретіндегі жіңішке тас
тілімшелері. Микролиттер қарудың жаңа түрлерін шығаруға
негіз болды.
Мұз дәуірінен кейін адамдар қауымы неғұрлым топтас қан
адамдар ұжымына жол берді. Оларды өзара қандастық туыс
байланыстырды. Сондықтан тарихшылар мұндай қауымды
рулық қауым деп атады. Рулық қауымда бәрі ортақ еді, атап
айтқанда: балық аулайтын орын, аң қағатын жер, қайық, бас-
пана. Осындай рулық қауым басқа бір рулық қауыммен қа-
рым-қатынас жасады. Олар бірте-бірте тайпаға бірікті. Өйт-
кені аң аулаған кезде, тіршілік барысында аман қалу үшін де
бірлесу керек болды.
Адамдар аулап жүрген зілдер мен түкті мүйізтұмсықтар
қырыла бастады. Олардың орнын басқан жануарлардың
жаңа түрі неғұрлым ұсақ әрі ұшқыр болды. Ежелгі адамдар
ұсақ, ұшқыр жануарларды аулау үшін садақ пен жебені
ой лап тапты. Бұл аңшылықты айтарлықтай жеңілдетті.
Садақ адамдарға ұсақ құстарды да аулауға мүмкіндік
берді. Балық аулау үшін ежелгі адамдар найзаға ұқсас гар-
50
50