Page 47 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 47
Ежелгі адамдар аңғарымпаз еді. Олар өз білгенін бір-бірі-
не және келесі ұрпаққа үйретіп отырды. Бірге тұру, бір-біріне
көмектесу арқылы олар өте ауыр, әрі аса суық Мұз дәуірінен
де аман өтті.
Мұз дәуірі – қатты суық түсіп, жерді алып мұздықтар жап-
қан мыңжылдық.
Неандерталдықтар – Мұз дәуірінің адамдары.
Аранды аңшылық – аңды шатқал мен жардағы аранға
қуалап түсіру.
1. Мұз дәуірі қашан басталды?
? 2. Мұз дәуірінде табиғатта қандай өзгерістер болды?
3. Мұз дәуірінің басталуымен адамдар өмірінде не өзгерді?
4. Неандерталдың келбетін сипаттаңыз.
5. Ірі жануарларды аулау қалай өтті, әңгімеле.
6. Мұз дәуірінде адамдардың қандай жаңа еңбек құралдары
пайда болды?
7. Неліктен адамдар жаңа құралдар мен қару-жарақтарды
ойлап тапты? Қазіргі кезде адамдар қандай еңбек құралда-
рын қолданады?
8. Еңбек жасау құралдары адамның дамуына қаншалықты
әсер етті?
9. Неліктен ежелгі адамдар тобырға бірікті?
10. Неге от игеру адамзат тарихында маңызды оқиға болып
табылады?
Бұл қызық!
Ежелгі кезде адамдар ірі жануарларға, мамонттарға
аңшылық жасады. Мамонттар ірі пілге ұқсайтын ежелгі
кездегі жануарлар. Оларда қалын жүн бар еді. Адамдар
мамонттарды ет үшін ғана емес, көбіне тері мен сүйек-
тері үшін белсене аулады. Мамонттардың жойылуына
алғашқы адамдар кінәлі деп есептеледі.
Киім жасау үшін ежелгі адамдар балықтың сүйектері
мен кейбір өсімдіктердің тікендерін ине ретінде қолданған.
46
46