Page 43 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 43
МҰЗ ДӘУІРІ
Бұл тақырыпта сен:
Мұз дәуірі деген не?
неандерталдықтар деген кім?
ежелгі адамдар зілді қалай аулады?
ежелгі адамдар от жағуды қалай үйренді? деген сұрақ-
тарға жауап табасың.
Палеолиттің соңында климат қатты өзгерді. 100 мың жыл
бұрын шамасында қатты суық басталды. Жер бетінің орасан
кеңістігін алып мұздықтар жапты. Ғалымдар мұз қалыңдығы-
ның екі километрге жеткенін анықтады. Сондықтан осы уақыт
кейде Мұз дәуірі деп аталады.
Ежелгі Қазақстанның аумағын мұз толық жаппаған. Мұз-
дықтар негізінен таулы жерлерде жатты.
Ұзаққа созылған суық ежелгі адамдардың онсыз да күр-
делі өмірін қиындатып жіберді. Жылу сүйетін жануарлар өліп
қалды немесе алыс оңтүстікке ауып кетті. Жеуге жарамды
жидегі мен жемісі бар көптеген өсімдіктер жоғалды.
Суықтан қырылып қалмау үшін адамдар өзін жылы киім-
мен, сенімді баспанамен қамтамасыз етуі керек болды.
Бастапқыда адамдар жыртқыш аңдардан тығылған кезде
үңгірлерге кірген. Мұз дәуірінде ол біздің бабаларымыздың
негізгі баспанасына айналды. Мұз дәуірінің адамдарын та-
рихшылар неандерталдықтар деп атайды.
Неандерталдықтар питекантроптардан біршама ерекше-
ленді. Олардың бойы орташа, шамамен 150 сантиметр бол-
ды. Бұл адамдардың дене бітімі ірі, өздері тік маңдайлы, қасы
шығыңқы еді. Мойны қысқа, басы алға еңкейіңкі, тістері ірі ке-
летін. Неандерталдықтың қолы қарулы болғанымен, икемсіз-
деу еді. Қазақстанның аумағында Алтай мен Өзбекстанның
ортасында мекендеді.
Ежелгі адамдардың өмірі аса ауыр болды. Сондықтан
жан сақтау үшін олар аңшылықпен және терімшілікпен
42
42