Page 45 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 45

23-сурет.  Неандерталдықдарды қоныстану картасы


                 Ежелгі  адамдар  тастан  пышақ,  тасбалта,  қырғыш,  шап-
             қы  жасауды  үйренді.  Сүйектен  ине  мен  біз  жасады.   Үсікке
             шалынбау  үшін  адамдар  аң  терісінен  киім  тігуді  үйренді.
                 Тасты, ағашты, теріні өңдеу барысында ежелгі адамның
             қолы дамыды. Қолдың бас бармағы ауыр найзаны ұстауға,

             әсіресе  жіңішке  инені  ұстауға  икемделді.  Сондай-ақ,  еңбек
             құралдарын  жасап  үйрену  тек  қолдың  дамуына  ғана  емес,
             ежелгі адамның миын дамытуға да әсер етті. Еңбек құрал-

             дарын жасай білуі ежелгі адамды жануарлар әлемінен бөліп
             шығарды. Маймылдар мен аңдардан ежелгі адамның басты
             артықшылығы да осы болатын.
                 Сол  кезде  ежелгі  адам  от  жағуды  үйренді.  Олар  най-
             зағай түскенде құрғақ шөп пен ағаштың қалай жанатынын

             байқады. Адамдар алдымен оттан қорықты. Кейін оны пай-
             далана  бастады.  Әу  баста  адамдар  найзағайдың  ағашқа
             түсуінен тұтанған табиғи отты сақтап, қолданып көрді. Оны

             өшіріп алмау үшін неандерталдықтар күндіз-түні кезектесіп


           44
            44
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50