Page 46 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 46

күзетті. Отқа құрғаған бұтақтар мен шөптерді, жапырақтар-

        ды тастады.
            Бірте-бірте  адамдар  өз  бетінше  от  жағуды  үйренді.  Сол
        уақыттың адамдары тасты егегенде немесе тас кесегін ұрып

        сындырғанда от ұшқындайтынын аңғарды. Егер бұл ұшқын
        құрғақ  шөпке,  немесе  жапыраққа  түссе,  онда  олар  жана
        бастайды. Ағаш таяқшаны ағаш тіліміне жылдамдата қатты
        үйкелеу де от алудың тағы бір тәсілі еді. Мұндай қатты үй-
        келіс кезінде ағаштың ұсақ ұнтағы қызып, бықси бастайтын.

        Енді  адамдар  оттан  жалын  үрлеп  шығарды.  Шақпақ  шағу
        және үйкеу от шығарудың негізгі әдісі  болды.
            Алау жағып үйренген адамдар енді кездейсоқ табылатын
        отқа тәуелділіктен құтылды. От оларға өте пайдалы болды:
        сол арқылы жыртқыштардан қорғанды, жылынды. Шикі етті
        отқа қақтап жейтін болды. Бұл олардың ағзасына жақсы сіңе
        бастады. Өсімін жеделдетті, еңбекке қабілеттілігін арттырды.





































                                     24-сурет. Аңшылық


                                                                                       45
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51