Page 42 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 42
Неолит – Тас дәуірінің соңғы кезеңі.
Алғашқы қауым адамдары – жердегі ең алғашқы
адамдар.
Питекантроп – маймыл-адам дегенді білдіреді.
Тік жүру – екі аяқпен жүру.
? 1. Қазақстанның өңірлерінде алғашқы қауым адамдары қай
кезең де өмір сүрген? Дұрыс жауапты таңда.
Анықтамалық сөздер: орта ғасырларда, Тас дәуірінде.
2. Тас дәуірінің кезеңдерін ретімен қойып, жазып шық:
Мезолит, Палеолит, Неолит.
3. Тас дәуірін уақыт таспасында көрсет.
21-сурет. Уақыт таспасы. Тас дәуірі
4. Қазақстан аумағының қай жерінде ежелгі адамдар тұ-
рақтады?
5. Алғашқы қауым адамдары бір бірімен қалай араласты,
«сөйлесті»?
6. Питекантроп деген кім?
7. Алғашқы қауым адамдары тастан құралдарын қалай жа-
саған?
8. Археологиялық деректер бойынша Тас дәуіріндегі адам-
дар туралы не айтуға болады? Әңгіме құрастыр.
9. Уақыт өте адамдардың сыртқы бейнесі қалай өзгерді?
41