Page 40 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 40

адамдары  аңдардан,  суықтан  тығылып  үңгірлерге  кірді.

        Оларда киім де жоқ еді. Суықтан қорғану үшін өлтірілген
        аң терілерін жамылды.
            Ол  кезде  алғашқы  қауым  адамдары  қазіргідей  сөйлеуді

        әлі білмеген деп есептеледі. Негізінде, олар бір-бірімен ым,
        ишара, арқылы түсініскен. Бәрін қол қимылымен көрсеткен
        немесе дыбыс көмегімен үн шығара жеткізген. Тобыр мен өмір
        сүрген алғашқы қауым адамдары аң аулады, жыртқыштар-
        дан бірлесе қорғанды. Олар барған сайын бір-бірімен жақын

        араласуға мәжбүр болды. Сөйтіп, бірте-бірте сөйлеу тілі қа-
        лыптасты.
            Аңдар мен өсімдіктердің молшылығы алғашқы адамдар-

        дың  өзіне  азық  табуына  мүмкіндік  туғызды.  Ірі  жыртқыш
        аңдармен қатарласа өмір сүру өте қиын әрі қатерлі еді. Сон-
        дықтан жыртқыш аңдардан қорғану, бірлесіп азық табу үшін
        еңбек құралдары мен қаруды жетілдіру керек болды.
            Археологтардың  тапқан  тас  қарулары  мен  тастан  жа-

        салған еңбек құралдары осыны көрсетеді. Бұлар өте қара-































                           19-сурет. Алғашқы қауым адамдары


                                                                                       39
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45