Page 38 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 38

ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


            Бұл тақырыпта сен:

            Жердегі ең алғашқы кезеңді неге Тас дәуірі деп  атайды;

            біздің ежелгі алғашқы бабаларымыз қандай болды;
            алғашқы қауым адамдары жабайы аңдардан қарусыз
            қалай қорғанды деген сұрақтарға жауап табасың.

            Ғалымдар  Қазақстан  аумағындағы  ең  ежелгі  адамдар

        Тас  дәуірінде  өмір  сүргені  туралы  дәлел  тапты.  Археолог-
        тар Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау тауынан осынау ежелгі
        адамдардың ізін анықтады.
            Бұл уақыт неге Тас дәуірі деп аталады? Өйткені сол за-

        ман адамдарында темір мен металдан дайындалатын еңбек
        құралдары әлі болмаған. Ежелгі адамдар тас пен таяқты пай-
        даланған.
            Тас дәуірі өте ұзаққа – миллиондаған жылдарға созылды.

        Оны үлкен үш кезеңге бөледі:
            Палеолит – көне-тас кезеңі болып саналады. Ол «ескі»
        сөзінен алынған. Бұл Тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі. Ол ту-

        ралы алдағы уақытта айтамыз.
            Мезолит – орта-тас кезеңі, «орта» деген сөзден алынған.

            Неолит – жаңа-тас кезеңі, «жаңа» деген сөзден алынған.
        Тас дәуірінің ең соңғы кезеңі.







                                        ТАС ДӘУІРІ




               ПАЛЕОЛИТ                    МЕЗОЛИТ                    НЕОЛИТ



                                     17-сурет. Тас дәуірі


                                                                                       37
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43