Page 39 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 39
Жердегі ең алғашқы адам-
дар Палеолитте пайда бол-
ған. Ғалымдар оларды алғаш-
қы қауым адамдары деп
атайды. «Алғаш болған»
де ген мағынаны білдіреді.
Олар дың қазіргі адам дардан
айыр машылықтары бол ды.
Мә селен, қолдары ұзын әрі
қуат ты еді. Сондықтан ежелгі
кездегі адамдарды осылайша
18-сурет. Питекантроп питекантроп деп атайды. Пи-
текантроп көне-грек ті лін де маймыл-адам дегенді біл діреді.
Мықты әрі күшті, бірақ қысқа аяқтары азық іздегенде
алыс қашықтықты еңсеруге де мүмкіндік берді. Адамдар
ол кезде үйірімен топтасып жүретін және кез-келген қа-
уіп-қатерге тойтарыс бере алатын. Әйтпесе тірі қалуы
қиын еді. Өйткені адамдардың азуы да, тырнағы да жоқ,
жүйрік емес болатын.
Қандай болса да, аңдардан әлдеқайда саналы болды.
Жырт қыштардан қорғану және оларды аулау кезінде тас,
таяқ тәрізді қолына икемді құралды пайдаланған.
Уақыт өте келе алғашқы қауым адамдары таяқ пен тасты
ұстауды, қолымен жұмыс істеуді үйрене бастады. Таяқ пен
тасты барынша көп қолданған сайын ол жүрген кезде жерге
қол тіреуді де азайтты. Сөйтіп, питекантроптар екі аяғымен
жүруді үйренді. Екі аяғымен жүру тік жүру деп аталады.
Осылайша алғашқы қауым адамының кейпі біртіндеп
өзгерді. Ол барған сайын қазіргі адамға ұқсай берді. Қол-
дары қысқара түсті. Бас бармағы өзгеріп, басқа саусақта-
рынан ерекшелене бастады. Әйтпесе, таяқ пен тасты
ұстау қиынға түсер еді. Адамдардың алғашқы мекені – үң-
гірлер палеолит кезінде-ақ пайда болды. Алғашқы қауым
38
38