Page 50 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 50

данып, тұтас еттерді мүшелеп өңдеді. Әйелдер аң терісі мен

        иленген былғарыдан киім тігумен айналысты.

          Артефакт – археологтармен табылған зат, тарихтың әр ке-

          зеңдеріндегі адамдардың өмірі мен еңбек түрін көрсетеді .
          Ежелгі қауым – еңбек бөлінісі болған байырғы адамдар-
          дың тұрақты және ұйымдасқан ұжымы.



          ?       2. Артефакт дегеніміз не?
                  1.  Ежелгі адамдардың өмірі туралы біз қайдан білеміз?

                  3. Артефакт тарихты зерттеуге қалай көмектеседі?
                   4. Алғашқы  қауымдастықтағы  ерлер  мен  әйелдердің  кәсібін
                    ата.
                   5. Алғашқы қауымдастықтағы адамдардың кәсібі туралы сурет
                    бойынша әңгімелеп шық (26-сурет).


        Бұл қызық!

                              Археологтардың  табысы
            Қараүңгір үңгірі Қаратау жотасының оңтүстік беткейінде

          орналасқан. Үңгірдің биіктігі 15 м, ені 43 м және тереңдігі
          39  м.  Үңгір  өмір  сүруге  ыңғайлы:  едені  тегіс,  күн  сәулесі
            түседі,  суға  жақын  орналасқан.  Мұнда  тас  пен  сүйектен
          жасалған бұйымдар, оның ішінде зергерлік бұйымдар, жа-
          нуарлардың сүйектері мен адам тістерінің сынықтары та-
          былды.
            1959 жылы тарихшы ғалымдар Қараүңгірден ең алғаш-

          қы адамдар тайпасының орнын тапқан.


















                                                                                       49
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55